деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер көші-қон органдарының осы саладағы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларын жеңудегі өзара іс-қимылдарын, Мемлекет басшылары кеңестері, Үкімет басшылары кеңестері, Сыртқы істер министрлері кеңестері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер көші-қон органдары басшылары кеңестері шешімдерінің іске асырылу барысын, сондай-ақ еңбекші-мигранттардың және олардың отбасыларының құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің орындауын талқылайды.