Беларусь республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесін атап өтті. «Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске зор үлес қосты. Соғыс майданына бір миллионға жуық қазақстандық аттанды, оның бестен бірі ғана туған жеріне оралды. Сонымен қатар Қазақстанның тағы бір үлесі, соғыс жылдарында республикаға қорғаныс өнеркәсібінің жүзден астам кәсіпорны көшірілді», - деп атап өтті А.Смирнов.
Қазақстандық дипломат салтанатты шараға қатысып отырған ардагерлерді құттықтап, оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.