Минскідегі келіссөздің негізгі тақырыбы - 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммиті

None
ИНСК. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Минскіде беларус саясаткерлерімен болған келіссөзге арқау болған басты мәселелердің бірі - 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мәселесін талқылау болды.

Қ.Саудабаев, әбден пісіп-жетілген осындай жоғары деңгейлі кездесудің ЕҚЫҰ алдында тұрған ығыттар мен күрделі мәселелерді тек талқылап қана қоймай, олардың жауаптарын табуға да мүмкіндік беретінін айтты.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығын қолдап, әсіресе саммит дайындығына белсенді атсалысып отырғаны үшін Беларусь тарабына алғысын жеткізді.