Минскідегі лаңкестік әрекетте қаза тапқандар саны арта түсті

МИНСК. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дегі нақтыланған мәлімет бойынша Минск метросында болған лаңкестік әрекет барысында 12 адам қаза тапты, оның 9-ының жеке тұлғасы анықталып, 157 адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлап отыр.

12 сәуір күні түнде, Минск қаласының ауруханаларының бірінде Беларусь астанасындағы жарылыс кезінде жарақат алған азамат қайтыс болды. Сөйтіп, лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандар саны 12 адамға жетті.

26 зардап шеккен адамның жағдайы мүшкіл, 58-і орташа мүшкіл халде, 67-сінің жағдайы қанағаттарлықтай. Таңғы сағат 05.00-ге шаққанда жедел медициналық көмекке қосымша 18 зардап шеккен адам жүгінді, олардың 12-сі стационарға жеткізіліп, оның алтауы ауруханаға жатқызылды.