Минскілік суретші майонезбен сурет салу әдісін тапты

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Минскілік қылқалам шебері Глеб Отчик майонезбен сурет салу әдісін тапты.

Ерекше бояу 3 құрамнан тұрады. Біріншісі - майонез, екіншісі - желім, ал үшіншісін суретші құпияда ұстап отыр. Отчик мұнымен қарбалас өмірдің құрсауында қалып, көрмеге баруды сиреткен қоғамның назарын өнерге аударғысы келеді, деп жазады mir24.tv.