— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Өмірбаяны
Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы (2005 ж)
Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы (2007-2008 жж)
Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы (2009-2013 жж)
«Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушы қызметін қоса атқарды (2009-2018 жж)
Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі (2013-2017 жж)
«Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры (2018-2020 жж)
Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры (2020-2021 жж)
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры (2021-2023 жж)
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы (2023-2024 жж)
ҚР Туризм және спорт министрі (2024 жылғы 2 қыркүйек)
Білімі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты (2002 — 2006 жж)
Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті (2006 — 2010 жж)
PhD докторы
Марапаттары
ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі және спорт орталығының «Спортты дамыту мен насихаттағаны үшін» құрмет белгісі
ҚР студенттер құрамасының дүниежүзілік жазғы Универсиадалардағы сәтті өнер көрсеткені үшін ҚР БҒМ алғыс хаттары — Қазан қаласы, Ресей (2013), Кванджу қаласы, Корея Республикасы (2015)
Дзюдодан спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.