Ұйым бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілгенін атап өткен.
Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.
«Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:
1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», — деп жазды федерациядан.
Айта кетейік, жақында ғана федерация президенті қазақ боксына үлкен реформа қажет екенін мәлімдеген.