Жақсылықовтың айқасы 25 наурызда Ресейдің Свердловск облысы Первоуральск қаласында өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік Павел Маликов (10-0, 4КО). Бұдан бұрын Міржан екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсеткен. Жекпе-жек үшін бір санатқа жоғары жеңіл салмаққа көтерілді.
Соңғы рет қазақстандық рингке өткен жылы қарашада ресейлік Михаил Алексеевпен (9-0, 4КО) айқасқан. Сол жекпе-жекте Міржан екінші жартылай жеңіл салмақта WBC Asian Boxing Council Silver белбеуінен айырылып қалған еді.