ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан және Әзербайжанмен бірлесіп жасыл энергияны экспорттау бойынша стратегиялық ынтымақтастық келісімін бекітті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Айта кетсек, мемлекет басшылары экологиялық таза энергияны Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау келісіміне былтыр қарашада қол қойған болатын.
Құжатқа сай, аталған үш мемлекет күн, жел және су электр станциясы сияқты экологиялық таза көздерден өндірілген электр энергиясын экспорттамақ. Ол үшін алдымен Каспий теңізінің астымен жоғары вольтты кабель тарту жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі Каспий түбімен кабель өткізу жобасын іске асыру мақсатында техникалық тапсырма әзірленгенін мәлімдеген болатын.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.