Мысыр президенті жаңа мерзімге қайта сайланды

Мысырдың қазіргі басшысы Әбдел Фаттах ас-Сиси өткен аптада өткен жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Reuters ресурсына сілтеме жасап. 

Фото: ТАСС

Оған сайлаушылардың 89,6 пайызы, яғни 39,7 млн адам дауыс берген. 

Осылайша елді 2014 жылдан бері басқарып келе жатқан 69 жастағы саясаткер үшінші мерзімге қайта сайланды.

Әбдел Фаттах әл-Сиси елді тағы алты жыл басқарады.

Еске салайық, Мысырда жексенбі, 10 желтоқсанда президент сайлауы басталған еді, ол үш күнге созылды.