Бұл жаңалық Әл-Қаср әл-Қадим («Ескі сарай») ғибадатханасының орнында табылды. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 664-525 жылдар аралығында билік еткен 26-шы әулетке тиесілі.
Мысырдың Туризм және көне жәдігерлер министрлігінің хабарлауынша, ежелгі ескерткіштер жоғары кеңесінің экспедициясы құмтас құрылымының қалдықтарын, перғауын Псамтик I-дің есімдері мен титулдары жазылған тас блоктарды және басқа да бірқатар жәдігерлерді тапқан.
Ежелгі ескерткіштер жоғары кеңесінің бас хатшысы Хишам Эллейсидің айтуынша, жаңа олжалар әр уақытта өңірдің әкімшілік орталықтарының бірі болған кешеннің маңызды тарихи және діни маңызын растайды.
Мысыр көне жәдігерлер секторының басшысы Мұхаммед Абд әл-Бади археологтардың 16 құмтас бағанасы бар ғибадатхананың негізгі бағаналы залын, сондай-ақ іргелес бөлмелері мен храмдарын тапқанын хабарлады. Қабырғалар мен архитектуралық элементтерде ежелгі Египет құдайларының Амун-Ра, Амунет, Хонсу есімдері жазылған иероглифтік жазулар сақталған.
Зерттеушілер залдың құрылысы перғауын Псамтик I тұсында басталып, Априй деген атпен белгілі Уахибре мен гректерге Амасис деген атпен белгілі Яхмос II тұсында аяқталғанын анықтады.
Экспедиция сонымен қатар 18-ші әулеттің перғауын II Аменхотептің тұсына жататын тас стеланы тапты. Бұл олжа оазистің жаңа патшалық кезіндегі Мысыр мемлекетімен байланысын растайды. Рамсес II кезінде табылған артефактілер бұл жерде 26-шы әулетке дейін де діни және қалалық белсенділікті дәлелдейді.
Айта кетейік, Қытай мен Өзбекстан археологтері Кува қалашығы қабырғаларының қалдықтарын тапты.