Мысырда туристік аймақтарда акулаларды аулау басталды. Хургада мен Шарм-эль-Шейх жағалауында таяз судағы балық үйірлеріне байланысты акулалар жиі көріне бастаған. Билік әр қонақүй штатында міндетті түрде білікті құтқарушы болуын талап етті.
Жағалау бойында моторлы қайықтардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Қызметкерлерден алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары талап етіледі.
Жуырда бір жыртқыш акула Эль-Кусейр туристік аймағына кіріп кеткен. Жергілікті билік екі метрлік акуланы ұстап, көзін жою үшін жағажайларды уақытша жапты.
Билік мұны сол аумақта бұған дейін жолбарыс акуласы бір күн бойы жүзіп, акваториядан өздігінен кетпегенімен түсіндірді.
Мұндай шаралар туристердің наразылығын тудырды. Бұрын жыртқыштарды ұстап, жағалаудан алысқа жіберіп отырған.
Еске сала кетсек, биыл қаңтарда Бразилияда 13 жастағы бала акула шабуылынан қаза тапты.
Ал Аустралия жағажайлары акула шабуылдарына байланысты жабылды.