ТАСС-тың Мысырдағы Masrawy порталына сілтеме жасап хабарлауынша, теміржол апаты Эль-Айят қаласының маңында болған.
Оқиға орнына кемінде 50 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың нақты саны әзірше белгісіз. Мәлімет әлі де нақтыланып жатыр.
Құқық қорғау органдары апаттың себептерін анықтап, келтірілген шығынды бағалап жатыр.
Бұған дейін Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте 28 қазанда Толедо провинциясында болған теміржол апатынан кейін қызметінен кеткен еді. Бірінші вице-премьер әрі экономика министрі Карлос Куэрпо Көлік және тұрақты мобильділік министрлігінің міндетін уақытша басқаратынын хабарлағанбыз. Екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 69 адам қаза тапты. Бұл елде жыл басынан бері болған екінші ірі теміржол апаты еді.