Тергеу барысында анықталғандай, жол апатына Бухейра провинциясы маңындағы Каир-Александрия тасжолымен келе жатқан көліктен май аққан. Ведомствоның кейінгі мәлімдемелерінде жолаушылар мінген автобуспен соқтығысқан кезде бірнеше көлік өртенгені айтылған.
«Жол апатына барлығы 64 көлік ұшырады, оның ішінде 29-ы өртенген», - деп хабарлайды мемлекеттік “Әл-Ахрам” газеті оқиға орнында болған дерек көзіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендерді құтқару үшін 20 жедел жәрдем көлігі жіберілді, олардың үшеуіне оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Ведомство, сондай-ақ, қалған 60 зардап шегушінің жақын маңдағы қалалардың ауруханаларына жеткізілгенін қосып өтті, ал “Әл-Ахрам” дәрігерлерге сілтеме жасап, қайғылы оқиғада қаза тапқандардың көпшілігі балалар екенін растады.
Басылымның хабарлауынша, жол апатына қылмыстық іс қозғалды.