Мысырда жол апатынан 7 адам қаза тауып, 25-і зардап шекті

Фото: Фото: english.ahram.org.eg

Сейсенбі күні Мысырдың оңтүстігіндегі Эль-Минья мухафазасының жолында автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан 7 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Kazinform бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ahram Online мемлекеттік жаңалықтар сайтының жазуынша, таңертеңгі қою тұманнан жол дұрыс көрінбей, автобус тротуарға соғылып, аударылып қалған. 

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем барып, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Прокуратура оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.