АСТАНА. KAZINFORM — Газа секторындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерде Катар делегациясының құрамындағы үш дипломат Шарм-эль-Шейх маңында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапты. Бұл туралы Report агенттігі жазды.
Агенттіктің хабарлауынша, Катар делегациясы мінген көлік Шарм-эль-Шейх конференц-орталығы маңында апатқа ұшыраған. Оқыс оқиғадан 3 дипломат қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Айта кетейік, 13 қазанда «Шарм-эль-Шейх бейбітшілік саммиті» өтеді. Оған 20 елдің басшысы шақырылған.
Еске салайық, алдағы апта басында өтетін жиынға БҰҰ Бас хатшысы қатысады.
Сондай-ақ саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп та барады.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.