«MISS ALMATY - 2017» аймақтық байқауының директоры Совет Сейітов айтуынша, байқаудың ақтық сыны Алматыдағы «Event Hall «AMURE» мейрамханасында 11 қыркүйек күні өтеді.
«MISS ALMATY - 2017» байқауының ақтық сыны 11 қыркүйекте өтеді. Оған 10 қыз қатысады. Әлемнің ешбір елінде біздегідей сұлулар сайысына іріктеу ұзақ мерзімде өтпейді. Біздің байқауымызға іріктеу 3 жарым ай өтті. Осы уақыт аралығында қыздар әлеумет, спорт, шығармашылық жұмыстар бойынша бірнеше бағдарламаларға қатысты. Ең басты жаңалығымыз, бүгін ресми түрде хабарлап отырмыз, «MISS ALMATY - 2017» байқауының жеңімпазы 2018 жылдың 30 қаңтарында Филиппинде өтетін «Ғаламшар аруы» байқауының ақтық сынына қатысады. Сонымен қатар, жеңімпазымыз бен екі қатысушымыз желтоқсан айында Астанада өтетін «Қазақстан аруы» байқауына қатысады», - деді Сәбит Сауытұлы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «MISS ALMATY - 2017» байқауына барлығы 400 қыз өтініш білдірген. Соның ішінен, 10 қыз ақтық сынға жолдама алды. Байқаудың биылғы ұраны: «Алматы аруы - ғаламға сапар» деп аталады.