Жаңа «Мисс Америка» атағының иегері сән ханшайымы тәжімен қоса, АҚШ университеттерінің бірінде оқуға $50 мың көлемінде грант ұтып алды, деп жазады Утро.ру.
Үздік үштікке сондай-ақ «Мисс Оклахома» Элисия Клифтон мен «Мисс Оңтүстік Каролина» Эли Роджерс кіріпті. Америка аруы атану үшін байқауға барлық 50 штат пен Колумбия округі, Пуэрто-Рико және Виргин аралдарынан қыздар қатысты.