Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысында еліміздің Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.
«Себебі түрлі деструктивті секталар жас, қайратты әрі білікті жастарды өз қатарларына тартқысы келеді. Сондықтан жаңа діни, жалған діни ағымдардың өкілдері болып табылатын миссионерлер үшін жастар, әсіресе студенттер аса қызығушылық тудырады», - деді агенттік басшысы.
Бұл орайда Қ.Лама Шариф егерде өңірлерде заңсыз миссионерлік қызметпен айналысу фактілері анықталатын болса, онда биліктің жергілікті, құқық қорғау және арнайы қызмет органдары тиісті шаралар қолдануы керектігіне баса назар аудартты.