11:43, 27 Наурыз 2009
Миссисипиде құйыннан 24 адам зардап шекті
ВАШИНГТОН. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Американың Миссисипи штатында екі торнадо өтіп, табиғаттың тосын мінезінің салдарынан 82 үй зақымданды, 24 адам түрлі жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Штат құтқарушылары өкілдерінің хабарлауынша, торнадоның біреуі штаттың орталығы ? Джексон қаласының оңтүстік-шығысында 64 шақырымдай жерден өтсе, екіншісі - шығысқа қарай, Алабама штатымен шекаралас маңда болған. Дерек көздердің ақпараты бойынша, құйын салдарынан Симпсон округі көбірек зардап шегіп отыр, онда 60 үй зақымданып, 20 адам зардап шеккен.