Миссури Губернаторы Фергюсондағы коменданттық сағатты тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миссури шататындағы Фергюсон қаласындағы коменданттық сағат тоқтатылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Коменданттық сағатты Миссури шататының губернаторы Джей Никсон Сент-Луис енгізген болатын. 

АҚШ Әділет министрі, Бас Прокурор Эрик Холдер сәрсенбі күні Фергюсонға арнайы барып, Майкл Браунның өліміне қатысты іспен танысады. Бұл туралы АҚШ Президенті Барак Обама мәлімдеді.

Еске сала кетейік, полиция қызметкерінің қара нәсілді жасөспірімді атып өлтіруіне байланысты 9 тамыздан бері онда жаппай тәртіпсіздік жайлаған болатын.