Қазіргі таңда Александрдың жүрегі Астанаға жіберілсе, бір бүйрегі Сызғанов атындағы хиругия орталығына жіберілді.
"Бізде бірінші рет қайтыс болған адамның ағза мүшелерін ауыстыру бойынша алғашқы ота жасалды. Мұндай операцияларды жасауга мемлекет үлкен қолдау көрсетіп келеді. "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қайтыс болған адамнан алынған мүшелерді қабылдаған адамдардың қазір жағдайлары тұрақты. Шығуға дайындалып келеді", - деді қаланың бас трансплантологы Баймаханов Болатбек.
Донордың бауыры қаңтардың 5 күні 1974 жылы туылған келіншекке, бір бүйрегі 1968 жылы туылған ер адамға салынды. Ота 8 сағатқа созылған.
Елімізде былтыр 222 трансплантологиялық ота жасалды. Оның ішінде жүрекке - 7, бауырға - 25, қалғаны бүйрек ауыстыру бойынша жасалды.