«Батырымыз Лев Винс IMMAF нұсқасы бойынша Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты!», - деп жазады «Самұрық-Қазынаның» қоғаммен байланыс қызметі басшысы Фейсбуктегі парақшасында Айдар Махметов.
Еске сала кетейік, Бахрейнде ММА спорт түрінен әлем чемпионаты 12 қараша күні басталған болатын. Онда 14 салмақ дәрежесінде 51 елден 252 спортшы бақ сынауда. Қазақстан намысын қорғауға Ұлттық құраманың 15 спортшысы аттанған.
Әзірге Қазақстан Бахрейн мемлекетінде ММА спорт түрі бойынша өтіп жатқан Әлем чемпионатында үздік үштікке еніп отыр.