Елдің барлық өңірінен келген спортшылар жоғары шеберліктерін көрсетті, ал ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына нағыз ерлерге тән спорт түрлерін көрсетті.
65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақтөбе облысынан келген спортшы Сергей Морозов Қазақстан чемпионы атанса, 73 келіге дейінгі салмақта қарағандылық Дмитрий Ермолаев, ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір қарағандылық спортшы Рашид Тугаев, 84 келіге дейінгі салмақта Ақмола облысының намысын қорғаған Кирил Якимович, 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтөбелік спортшы Евгений Маншанцев және 93 келіден жоғары салмақта қарағандылық Сергей Зубков ММА чемпионы болып танылды.
Сонымен бірге, жарысты ұйымдастырушылардың шешімі бойынша «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығына Батыс Қазақстан облысының спортшысы Сергей Клещин ие болды.