Қазақстандық боксшы Бекзат Жасия 65,8 келі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте испаниялық Хуан Изкиредомен кездесті.
Жасия жекпе-жекте жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды.
Еске салайық, бұған дейін Бағдат Жұбаныш 52,2 келі салмақ дәрежесінде үшінші әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Тағы бір балуан Дастан Жақыпбеков финалда жеңіліп, 56,7 келі салмақта күміске қол жеткізді.