ММА бойынша Азия чемпионатында Қазақстанның спортшылары үш «алтын» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өтуде. «Қазақстан» спорт сарайында ақтық сайыстар аяқталды.

«77,1 келі салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов ресейлік Бек Умаровпен кездесіп, жеңіске қол жеткізді», деп жазады sports.kz. 84 келіге дейінгі дәрежеде Қазақстанның атынан шыққан Даурен Ермеков тәжікстандық Исломджон Ализодты техникалық нокаутқа жіберді. Ал 93 келі салмақта алтынға еліміздің спортшысы Мурад Абдурахманов қол жеткізді. Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектерінің барлық жеңімпаздары анықталды. Рингке енді М-1 challenge 48 "Battle of Nomads" кәсiби турнирiнің спортшылары шығады.