ММА-дан Дағыстанда өткен ашық чемпионатта жаппай төбелес болды
14:01, 12 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағыстанда өткен аралас жекпе-жектен ашық чемпионатта жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Оқиға сенбі күні Владимир Минеев пен Азиз Жуманиязов арасындағы жекпе-жек кезінде болды
«Айқас соңына жетіп, балуандар еденнен тұрып жатқан уақытта біздің спортшымыз (Жуманиязов) Минеевті аяғымен бір теуіп, кетіп бара жатты. Сол сәтте Владимир орнынан атып тұрып, Азизді бір ұрды. Содан соң екі спортшының да жақтастары рингке шығып, кішігірім қақтығыс орын алды. Барлығын сабырға шақырып, жағдайды реттедік. Екі балуан трибуна астындағы бөлмеге кіріп, бір-бірінен кешірім сұрап, қол алысты», - делінген «Горец» ММА дағыстандық клубының «Вконтакте» желісіндегі хабарламасында.