Жекпе-жек Fury FC 46 турнирінің көшін бастап, жартылай орта салмақ дәрежесінде өтті. Айқас барлық жоспарланған уақытқа созылған жоқ. Себебі, бірінші раундтың 2:00 уақытында Н.Веретенников қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы ММА-да тоғызыншы жеңісіне жетті. Ал Айви өз мансабында бесінші рет жығылды.
Айта кетейік, турнирге UFC президенті Дана Уайт қатысты. Айви бұған дейін оның промоушенінде өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, қазақстандық Н.Веретенников бұл шараға қатарынан жеті жеңісінен кейін келді. Соңғы жекпе-жегінде ол төрешілердің бірауызды шешімімен Стивен Джонсты (8-2) жеңді.