Жаңа жылдағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысында Филиалда қазақ тілін оқытуды жетілдіру мәселесі талқыланды. Жаңа ұстанымдардың бірі ретінде ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген әдістемені енгізу қарастырылды.
«2001 жылдан бері Филиалда 2300-ден астам жоғары білікті мамандар дайындалып шығарылды. Сондықтан біз ұлттық компонент пәндерінің – Қазақстан тарихы мен қазақ тілін оқып-үйрену мен оқыту әдістемесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлеміз. Қазақ тілін білу деңгейін арттыру мақсатында Филиалда оны жетілдіру бағдарламасы әзірленді», - деп атап өтті филиал директоры Александр Сидорович.
Қазақ тілін оқытуды жетілдірудің жаңа ұстанымдарының бірі ретінде ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін объективті бағалап, болашақ түлектерге одан әрі мемлекеттік қызметке түсіп, Қазақстандағы жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада білім алуына жағдай жасайтын әдістемені енгізу мәселесі жолға қойылды. Жүйенің талаптарына сәйкес, қазақ тілі бойынша біліміне ағымдағы бақылауды реттілікпен жасап отыру арқылы ҚАЗТЕСТ жүйесі енгізілетін болады.
Бақылау кесінділері тыңдалым, лексикалық және грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым блоктары бойынша жүргізілетін болады. Бүгінгі күні барлық оқу бағыттарының 1 және 2 курс студенттері үшін бақылау кесінділерін орындату жүйесін енгізудің алғашқы нәтижелері бар. Студенттердің басым бөлігі мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі және орта деңгейлерін көрсетті.
Ғылыми кеңесте оқу процесінің практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында аралық бақылаудың емтиханымен бірдей болатын қажетті деңгейдің ҚАЗТЕСТ сертификаты болуын есепке алу тәжірибесін енгізу қажет деген шешім қабылданды. Сонымен бірге филиалдың кітапхана қорын қазақ тіліндегі көркем және оқу әдебиеттерімен толықтыру, «Іскерлік қазақ тілі» және «Академиялық жазу» бағдарламалары бойынша факультатив сабақтарын ұйымдастырып өткізу, сондай-ақ оқыту процесінде пайдалану үшін инновациялық электрондық оқулықтарды әзірлеу және дайындау жөнінде шешім қабылданды.
Қазақ тілінің оқу-әдістемелік базасын қалыптастыру және жетілдіру үшін және студенттердің қазақ тілін оқып-үйрену мотивациясын арттыру үшін республикалық, облыстық, қалалық қазақ тілін оқыту және қазақ тілі оқытушыларын қайта даярлау орталықтарымен, мәселен, ҚР ҚАЗТЕСТ Ұлттық тестілеу орталығымен, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен ынтымақтастықты кеңейту жоспарланып отыр.