Биыл 29 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығын және анықтық факторының 2025 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» №71 басқарманың қаулысын қабылдады.
«Мәні 60-80% диапазонында болуы тиіс таргеттелетін шығын міндетті авто сақтандыру бойынша шығынның нысаналы көрсеткішін сипаттайды. 2025 жылға таргеттелетін шығын мөлшері өткен жылы анықталған деңгейде сақталды және 65% мөлшерінде белгіленді. Өз кезегінде, анықтық факторы – бұл сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын коэффициент», - делінген агенттік хабарламасында.
Түзету коэффициенттерін есептеу жүргізілетін сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордағы деректер сапасының жақсаруына байланысты анықтық факторы өткен жылмен салыстырғанда ұлғайтылды және 70% деңгейінде бекітілді.
«Бұл көрсеткіштер бұдан әрі міндетті авто сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралының тіркелген аумағы бойынша түзету коэффициенттерін айқындау үшін қолданылады», - дейді ведомстводан.