«Мобильді академия» пилоттық жобасы еліміздің өңірлерінде сәтті іске асып келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өткен жылдан бері еліміздің бірқатар өңірінде Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жұмыс тобы әзірлеген «Мобильді академия» пилоттық жобасы сәтті іске асып келеді. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі жобаның пайдасын бағалай отырып, басқа ведомстволық оқу орындарының орта және басшы құрамды даярлау курсын өткізудің 2023 жылға арналған жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мобильді академия» жобасы аясында алғашқы оқыту курсы биыл Маңғыстау облысының полиция департаментінен басталды.

«Курс «ІІО қызметіндегі жобалық басқармалар» тақырыбында өткізілді. Оқытудың мақсаты - елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістердің жоғары деңгейі жағдайында ұйымды басқарудың заманауи тұжырымдамасы ретінде мемлекеттік органдарда жобалық басқару саласындағы білімді қалыптастыру. Бұл ретте Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі К.Ж. Кобландин қазіргі уақытта елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірінің жоғары өзгергіштігі жағдайында стратегиялық менеджмент теориясы мен практикасы саласында білімді қалыптастыру ұйымды басқарудың заманауи тұжырымдамасы ретінде қажет екенін айты. Оқыту барысында профессор-оқытушылар құрамы – полиция полковниктері М.Б. Токсанова және Н. И. Ибраимова, полиция майоры А. К. Бекишев ІІО жүйесінде ішкі істер органдары басшылығының практикалық қызметінде стратегиялық талдау және жоспарлау әдістерін қолдануды дамыту, мемлекеттік органдарда жобалық басқару саласында білімді қалыптастыру, полицияның проблемалық-бағдарланған қызметін енгізу үшін қолданылатын әдістермен және сервистік модель жобасын іске асыру шеңберінде полиция қоғаммен әріптестік нысандарымен танысу мақсатында берілген тақырып бойынша барынша ақпарат берілді», - делінеді ІІМ академиясының хабарламасында.

Сонымен қатар, оқыту курсын ІІО кәсіби-психологиялық даярлық және басқару кафедрасының доценті полиция полковнигі М.Б. Токсанованың ІІО жүйесінде жобалық басқаруды енгізу заңдылықтары мен жолдарын зерттеуге бағытталған кейсімен басталды.

«Тыңдаушылар курс тақырыбына алғашқы күннен бастап қызығушылық танытты. Мәселен, сабақтың практикалық бөлігінде ІІО қызметін ұйымдастырудың проблемалық мәселелері белсенді талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді. Топта жұмыс істей және жоба жарғысын жасау дағдыларын үйрене отырып, тыңдаушылар өз идеяларын таныстырып, оларды жоба шеңберінде іске асыру мүмкіндігін негіздеді. «Мобильді академия» жобасы бойынша дайындық курсының бағдарламасына «Полицияның сервистік моделінің стратегиялық міндеттері» тақырыбы енгізілді. «Осы тақырыпты аша отырып, қазақстандық полицияның қазіргі кезеңдегі миссиясына баса назар аударылды. Тыңдаушылардың назарын полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне, халықтың сеніміне қол жеткізу үшін сервистік модельдің маңызды элементі ретінде аударды», - деп хабарлады академияда.

Полицияның жаңа үлгіге көшуінің осы және басқа да мәселелері кәсіптік-психологиялық даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция полковнигі Н.И.Ибраимова өткізген сабақтарда қаралды. Пікірталас түрінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі жобасының іске асырылу барысы талқыланды, полиция қызметіне жаңа тәсілдерді енгізу үшін қызметкерлерді жүйелі оқыту қажеттілігі атап өтілді. Интернет кеңістігінде интернет-алаяқтық пен басқа да құқық бұзушылық түрлерінің көбеюіне байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері білім алушылардың кәсіби қызығушылығын тудырды.

«Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының бастығы PhD докторы А.К. Бекишев интернет желісінде ақпарат алу бойынша кейс көрсетті, кибергигиенаны сақтау, киберқылмыстарды анықтау және ашу бойынша енгізіліп жатқан заманауи ақпараттық жүйелер туралы мәселелерді қарады. Курсты аяқтаған соң, Маңғыстау облысының полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А.С.Дүйсембаев оқудан сәтті өткен қызметкерлерге сертификаттар табыстап, Алматы академиясының тренерлеріне мұндай курстарды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Алғыс хаттармен марапаттады. «Мобильді Академия» курсы өңірлерде жалғасуда», - деп хабарлады ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының баспасөз қызметінде.