«Phonebooth 2.0» жобасының жетекшісі Қайрат Ахметовтің айтуынша, қосымша бағдарлама әртүрлі call-орталықтарының каталогын қамтиды. Бағдарламаны iOS, Android платформаларындағы құрылғыларды пайдаланушылар қолдана алады. Қосымшаны phonebooth2.com сайтынан табуға болады.
«Хабарласушы үшін дыбыс сапасы телефондағы интернет сапасына байланысты. Мысалы Viber-ді пайдаланушының екеуінде де интернет желісінде сапалы сигналдың болуы талап етілсе, ал біз ұсынып отырған мобильдік қосымша үшін тараптардың біреуінде ғана сапалы желі болса жеткілікті» - деді Қ.Ахметов.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарушы директоры Әсел Молдабекованың айтуынша, ұсынылып отырған мобильдік қосымша арқылы Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер бойынша кез келген уақытта, қай елден болмасын тегін хабарласып, сұрақ қоюға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚО-на берілген өтініштерді анықтап, білу үшін Бірыңғай байланыс орталығы қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері «1414» байланыс операторлары арқылы 1,5 млн. консультация берілген.