— Жұмыс жүріп жатыр. Бүкіл санаттар бойынша хабарлама жіберіп жатырмыз. Ол жерде 30 күн мерзім бар. Салық төлеушілердің реакциясын сол 30 күннен кейін көреміз. Хабарламада көрсетілген ескертпелерді орындауға 30 күн уақыт береміз. Сол 30 күннің ішінде не декларация тапсырады, не жазбаша түсіндірме береді. Айыппұл немесе банк шоттарын жабу сияқты шаралар қабылдағалы отырған жоқпыз, — деді Ержан Біржанов.
Бұған дейін салық органдарынан мобильді аударымға байланысты хабарлама кімдерге келуі мүмкін екенін жазғанбыз.