— Біздің елдер энергетика, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және фармацевтика сияқты көптеген негізгі секторларда тығыз жұмыс істейді, — деді Нарендра Моди.
Айта кетейік, бүгін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығында ШЫҰ саммиті өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі.
Тоқаев Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды.
Өз кезегінде ШЫҰ саммитінде сөз сөйлеген Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай ШЫҰ банкаралық бірлестік мүшелеріне 1,4 млрд доллар несие беретінін айтты.