АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 желтоқсан күні Финляндияда әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева жұптық могулден жеңімпаз атанды.
Ол финалда канадалық атақты апалы-сіңлілердің бірі - Хлоя Дюфур-Лапуантты ұтты.
Еске сала кетейік, биылғы Сочи олимпиадасында Ю.Галышева жүлдеге іліге алмаған еді. Бұған, бір жағынан, төрешілердің төмен баға қоюы әсер етті. Осыған ренжіген Юлия спорттық жолын аяқтамақшы болған. Дегенмен ол пікірінен айныған Ю.Галышева осы жеңісімен әлемдегі мықты могулшілердің бірі екендігін дәлелдеп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).