Спортшы жарысты алтыншы орынмен аяқтады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева сегізінші орынға ие болды.
Ерлер арасында Павел Колмаков оныншы болып мәре сызығын кесті, Фёдор Бугаков – 40-орын, Антон Бондарев – 42-орын алды.
Айта кетейік, 22 ақпанда параллель могул жарыстары өтеді.
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогыгың кезеңінде күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.