Белгілі болғандай, құнды олжа 2013 жылдың ақпанында табылған, ал бұл аталған сома ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін кешікпей төленуі керек. Әйтпесе ауқымды айыппұл күтіп тұр.
Калифорния университетінің профессоры Лео Мартинестің сөзіне қарағанда, федералды төлем есебімен жалпы салық, қала мен штатты қосқанда 47 пайызға жуық.
25 ақпан күні БАҚ-та Калифорния штатында тұратын американдық отбасы өз үйлерінің маңындағы бақ ішінде иттерін серуендетіп жүріп, бір ағаштың түбінен көмілген қаңылтыр банкаларды тапқан. Ал олардың ішінен 1847-1894 жылдардағы алтын монеталар шыққан. Монеталардың кейбіреуінің құны 27 мың доллар болса, тіпті кейбірі 1 млн. доллардан асады.