«Москва» агенттігінің құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, кеше кешкісін полицияға 46 жастағы әйел шағым түсірген. Оның сөзіне қарағанда, ұрылар Молдағұлова көшесіндегі пәтерінен 1,2 миллион доллары бар сейфін, 10 мың рубль тұратын компьютерін және үш видеокамерасын қолды қылған.
Осы факті бойынша полиция РФ Қылмыстық кодексінің 185-бабымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғады.