Молдова үкіметінен хабарлағандай, бұл шара республика парламенті қабылдаған 2012 жылға арналған елдің салықтық-бюджеттік саясатында көзделген.
Молдавия қаржы министрі Вячеслав Негруцаның атап өткеніндей, шарапқа акциздерді алып тастау шарап өндірушілер үшін салық ауыртпашылығын жеңілдетіп, тұтастай алғанда ел экономикасының өзегі болып табылатын жүзім шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.
Жүзім шаруашылығы мен шарап өндірісі Молдавияның ішкі жалпы өнімінің 20-25 пайызын құрайды. Молдавияның шарап өндірісінің экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі шамамен 30 пайыз болып отыр.