Молдавияда парламенттік сайлау аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдавияда 30 қарашада болған праламенттік сайлау аяқталды. ОСК төрағасы Юрий Чоканның айтуынша, жергілікті уақытпен 21:00-де шет елдердегіден басқа барлық сайлау учаскелері жабылған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, дауыс беру аяқталуға 2,5 сағат уақыт қалғанда ел аумағы бойынша сайлаушылардың келуі 51,2 пайызды құраған. Дауыс берушілердің 33,3 пайызы қатысқанда ғана ( 2 млн 803 мың 120 адам) сайлаудың өткендігі мойындалады. «Құқық қорғау органдарының деректері бойынша айтарлықтай заңсыздық орын алған жоқ»,- деп мәлімдеді Чокан.

Дауыс берудің алғашқы алдын ала нәтижелерін ОСК жергілікті уақытпен 23:30-да жарияламақ.