Молдавияда сайлау қорытындылары ресми бекітілді

КИШИНЭУ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Молдавияда өкімет 2009 жылғы шілденің 29-ында өткен елдің заң шығарушы органына мерзімінен бұрын сайлау қорытындыларын ресми бекітті. Бұл жөнінде сейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Юрий Чокан хабарлады.

Түпкілікті нәтижеде Молдавия Коммунистік партиясы 44,7 пайыз, Либерал-демократиялық партиясы (ЛДП) - 16,5 пайыз, Либералдық партия (ЛП) - 14,6 пайыз, Демократиялық партия (ДП) - 12,5 пайыз, «Біздің Молдова» альянсі - 7,3 пайыз дауысқа ие болды. Қорытындылар бекіту үшін Молдавияның Конституциялық сотына жіберілетін болады.