Молдавияда ұлттық валютаның құлдырауы салдарынан тұрғындар дүкендегі азық-түлікті және өзге де тауарларды жанталасып сатып алуда. Соңғы тәуліктерде мұнда тауарға деген баға екі рет өсірілді.
Жанар-жағармай бағасы да қарыштады. Жанар-жағармай құю бекеттерінің көбісі жабық. Ашық тұрғандарында ұзын- сонар кезек. Барлығы да бұрынғы бағамен сатып алуға тырысуда.
Ұлттық банк президенті Дорин Другуцану мұны сыртқы факторлардың әсері деп түсіндірді. Өткен жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 50% төмендеді. Жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банк сейсенбі күні қысқа мерзімді операциялар бойынша базалық пайыздық ставканы 8,5%-дан 13,5% дейін көтерді.
Оппозиция өкілдері биліктің бұл шараларын сынға алды. Социалистер партиясы қауіпсіздіктің жоғары кеңесін құрып, парламенттің шұғыл отырысын өткізуді талап етті.