17:38, 15 Маусым 2009
Молдавиядағы мерзімінен бұрын өткізілетін сайлаудың күні айқындалды
КИШИНЭУ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат – Молдавияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізу маусымның соңына жоспарланып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Нақтыланған дәл күнін парламент отырысында Молдавияның президенті Владимир Воронин жариялайды. Сәуірдің 5-індегі сайлау қорытындысы бойынша қалыптасқан Молдавиядағы парламент екі рет ел президентін сайлай алмаған болатын.