Молдавиядағы сайлау өтті деп танылды

КИШИНЭУ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Молдавия Орталық сайлау комиссиясының өкілдері шілденің 29-ында мерзімінен бұрын өтіп жатқан парламенттік сайлауды қазірдің өзінде өтті деп санауға болатынын мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Деректер бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайыздан астамы қатысқан. Бұл жөнінде журналистерге Молдавия Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Юрий Чокан мәлім етті.

Чокан сайлаушылардың сәуірдің 5-індегі сайлауға қарағанда белсенділік танытып отырғанын атады.