Бұл жөнінде Молдавияның премьер-министрі Владимир Филат Еуропалық парламент депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Молдавияның Конституциясында мемлекеттік тіл деп белгілі бір тілдің (молдаван тілі) көрсетілуі еш нәрсені аңғартпайды. «Біздер заттарды өз атауларымен атаймыз. Американдықтардың ағылшын тілін қолданатынындай, Молдавияның азаматтары да румын тілінде сөйлейді», - деп мәлімдеді Филат.
Ол болашақта бұл жағдайдың мемлекеттік тілдің атауы заңды реттелген кезде - «молдаван тілінен» «румын тіліне» ауыстырылған кезде орын алуы мүмкін екендігін атады.