және онда қызмет атқарып отырған бітімгерлерді азаматтық бақылаушылар мен халықаралық мандатқа ауыстыруға шақырды. Бұл туралы ол парламент депутаттарымен әңгімелесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.
Президент сондай-ақ преднестровьелік қақтығысты бейбіт жолмен шешу (кепіл ретінде Ресей тартылған келіссөздердің қазіргі үлгісін сақтаумен бірге) қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін Николае Тимофти Молдавияның қазіргі жетекшілігінің Еуропамен жақындасу бойынша бағытын жақтаушы болып табылатынын атап өткен еді. Өзінің президент ретіндегі шетелге алғашқы сапарына ол Брюссельді таңдады.
КСРО кезінде Молдавия және Приднестровье аумағында 14-ші жалпы жауынгерлік әскер орналасқан. Кеңес Одағының ыдырауынан кейін ол Ресей қарауына өтті. 1990 жылдардың басында ресейлік әскерлер Приднестровьедегі қарулы қақтығыстарға араласып, оның аяқталуына болысты. 1990 жылдардың ортасында 14-ші әскери армия таратылып, оның бір бөлігі аймақ аумағынан шығарылды. Приднестровьеде бітімгершілік міндеттерді шешу үшін жедел топ қалдырылды. Оның құрамында екі мотоатқыштар батальоны, күзет және қызмет көрсету батальоны, тікұшақ жасағы қалған.
Өзін-өзі жариялаған Приднестровье республикасын молдавиялық аумақ етіп санап жүрген Молдавия биліктері ол жерден Ресей әскерлерін шығаруды (бітімгерлерді халықаралық контингентке ауыстыру мүмкіндігімен) талай рет талап еткен болатын.
Бұл талаптарды дәйектей отырып, Кишинев әсіресе өз аумағында (яғни ресми түрде - Приднестровьеде де) шетелдік әскерлерді орналастыруға тыйым салатын Молдавияның Конституцияда бекітілген бейтараптық мәртебесіне сілтеме жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Приднестровьенің тәуелсіздігін ресми түрде мойындамайды (өзін-өзі жариялаған республика халықаралық мойындауға ие болған жоқ), алайда оған экономикалық жәрдемін көрсетуде.