Түнгі сағат бір шамасында Мөлдір Әуелбекова өзінің Инстаграмдағы парақшасына жұбайының iPhone 7-ні сыйлағанын айтып, сүйіншіледі.
«Еркелееееп, мәәәәз болып отырмыз. Раxмет, Арыстаным!@arsdzhil #iphone7 ерекшеліктерімен алдағы уақытта бөлісемін! Жұғысты болсын! Қайырлы түн!», - деп жазды ол.
Инстаграм жазушылары болса, әншіні жаппай құттықтап, оның бағасын болжауға кірісті. Бірі жаңа үлгідегі iPhone 240 мың теңге тұруы мүмкін десе, бірі 780 мың теңге деп болжады.
Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, Қазақстанда iPhone 7 сатылымға ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде шықты.
Apples.kz-тің ақпаратына сәйкес, алдын ала тапсырыс бойынша оның бағасы 612 мыңнан 782 мың теңге аралығында болады. Баға ерекшелігі телефон жадының көлеміне байланысты.
Жаңа құрылғының таныстырылы 7 қыркүйек күні Сан-Францискода өткен болатын. Apple компаниясының басшысы Тим Кук екі модель - iPhone 7 және iPhone 7 Plus туралы айтып берді. АҚШ-та iPhone 7 - 649 доллардан басталса, iPhone 7 Plus 769 доллардан жоғары.