Дода UAEJJF ережесі бойынша өтті.
«Әр жыл алтын жүлдемен басталады. Бұл әдетке айнала бастаған секілді, ендеше осы әдет менің джиу-джитсу жолымда дәстүрге айналсын» деп жазды Мөлдір Instagram-дағы парақшасында.
Одан бөлек, спортшы өзін қолдаған жанкүйерлеріне және командасына алғыс айтты.
Айта кетейік, Мөлдір 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол - джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.