Молдова премьер-министрі Василе Тофанның айтуынша энергетика саласында, күн суытуына байланысты қиындықтар туындағандықтан осындай шешім қабылданып отыр.
— Бізде энергетика және гидрология салаларында екі айлық төтенше жағдай болды. Бақытымызға орай, гидрологиялық мәселелер шешілді, жаңбыр жауа бастады және жағдай жақсарып келеді. Дегенмен, энергетика саласындағы қиындықтарды шешудің сәті түспей тұр. Сондықтан жоғары дайындық режимін сақтаған жөн, — деді Василе Тофан.
Еске сала кетейік, Молдова үкіметі елді энергиямен қамтамасыз етуге қатысты сақталып отырған тәуекелдер мен газ бағасының өсуіне байланысты 26 қыркүйектен бастап энергетика және гидрология салаларында 60 күн мерзімге төтенше жағдай енгізуді мақұлдаған.