Енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, газ жүйесімен жабдықталған көлік құралдарын көпқабатты тұрғын үйлердің жерасты тұрақтарына, әлеуметтік-мәдени ғимараттардың, мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардың тұрақтарына қоюға тыйым салынады. Сондай-ақ, ондай машиналарды жабық жерасты көлік тұрақтарына қоюға, тіпті кіруге рұқсат етілмейді.
Мұндай өзгерістер газ жүйесімен жабдықталған көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт шығу мен жарылыс қаупін төмендетуге бағытталған. Қаулы жария етілгеннен кейін күшіне енеді.